Новости

15.11.2019 00:00

Қазіргі кезде Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің гранты және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы діни мәселелелерінің қазіргі жағдайын шолу бойынша баяндама» атты кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізді.
Осы зерттеулер шеңберінде, Қазақстан Республиксындағы діни жағдайларға сараптама беру, діннің деңгейін анықтау сонымен қатар халықтың діни конфессионалдық бағыты және әртүрлі діни өкілдері мен діни ағымдарының қарым қатынастарының қазіргі халі, төзімділік деңгейі мен діниаралық келісім бойынша проблемалық аспектілерді анықтау және оның шешу жолдары қарастырылады деп күтілуде. Зерттеулер ҚР Астана, Алматы, Көкшетау, Шымкент және Түркістан облысын қамтып, елдегі діни мәселелердің алдағы жылдарға болжамы туралы ұсыныстар дайындалды. Осы зерттеулердің қорытындысы бойынша Әлеметтану қорлар орталығы 2018жылдың 15 қарашасында Шымкент қаласының, Түркістан облысының қоғамдастығына атап айтқанда, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдармен қызығушылық білдірген мемлекеттік органдарға презентация ұйымдастырды. Бұл шолу бойынша діни қызметтің және діни бірлестіктердің олардың мемлекет пен әртүрлі Республика көлеміндегі әлеуметтік институттармен әрекеттестігінің негізігі бағыттарын баяндалды. Зерттеулердің шеңберінде XIX-XXғасырдағы діни конфессиялардың даму тарихына қысқаша үзінді беріліп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына дейінгі, Кеңес одағындағы діни ұйымдардың жағдайына тоқталып, ары қарай, ҚР діни бостандық бойынша халықаралық міндеттемелеріне де қысқаша түсініктер және діни саладағы ұлттық заңнаманың трансформациялануы, елдің әлеуметтік демографиялық категорияларының діни деңгейіне сараптама әр түрлі аймақтар бойынша берілді сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі аймақатардағы дін тақырыбына атап айтқанда, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша жарияланған мақалаларға да көңіл бөлінді. Бұл маңызды баяндама Әлеуметтану қорлар орталығының сайтында толық мәтіні және баспа түрінде де жарияланады. Қызығушылық білдірген сараптамашылар және ұйымдар осы баяндаманың толық мәтінін Әлеуметтану қорлар орталығынан алуларыңызға болады.

15.11.2019 00:00

На основании совместного сотрудничества с НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» и гранта Министерства информации и общественного развития РК «Социологический ресурсный центр» провел комплексное социологическое исследование по подготовке доклада: «Обзорный доклад о состоянии религиозной сферы в РК». В рамках исследования проводились анкетирование населения Алматы, Астаны, Кокшетау, Шымкента и Туркестана, опрос экспертов, теологов и представителей государственных и правоохранительных органов с целью анализа религиозной ситуации, определения уровня религиозности и конфессиональной ориентации населения, отношений между представителями различных конфессий и религиозных течений. По итогам исследования 15 ноября т.г. СРЦ провел презентацию итогов исследования в г.Шымкенте для представителей общественности, сотрудников заинтересованных государственных органов, религиозных объединений, НПО г.Шымкента и Туркестанской области.

 Обзорный доклад освещает основные направления религиозной деятельности в республике, в том числе деятельность представленных религиозных конфессий и религиозных объединений, а также их взаимодействие с различными социальными институтами и государством. В рамках проведенного исследования предлагается краткий очерк развития религиозных конфессий на рубеже XIX-XXвв., положение религиозных организаций в советский период до обретения независимости РК, дается краткое изложение международных обязательств республики на религиозную свободу, трансформации национального законодательства в религиозной сфере, анализируются уровни религиозности различных социально демографических категорий населения в выборочных регионах, освещение религиозной тематики в печатных средствах массовой информации в различных регионах, вопросы противодействия религиозному экстремизму и терроризму. Полностью Доклад будет опубликован на сайте СРЦ и выпущен в печатном виде. Заинтересованные эксперты и организации имеют возможность обратиться за полной версией Доклада в СРЦ.

11.11.2019 00:00

Қазіргі кезде Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің гранты және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы діни мәселелелерінің қазіргі жағдайын шолу бойынша баяндама» атты кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізді. Осы зерттеулер Алматы, Астана, Көкшетау, Шымкент қаласы, Түркістан облысында ҚР діни жағдайларға сараптама беру, сонымен қатар халықтың діни конфес-сионалдық бағыты және әртүрлі діни өкілдері мен діни ағымдарының қарым қатынастарының қазіргі халі, төзімділік деңгейі, діндарлықтың деңгейін анықтау, діниаралық келісім бойынша проблемалық аспектілерді анықтау және оның шешу жолдарын анықтау мақсатында жоғарыда аталған 5 аймақтың жергілікті халықтың арасында және дінтанушылармен сонымен қатар діни сараптамашылармен, мемлекеттің және құқық қорғау органдарының өкілдерімен сауалнамалар және кездесулер жүргізілді. Осы зерттеулердің қорытындысы бойынша Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі презентация ұйымдастырып отыр. Бұл презентация 2019 жылдың қараша айының 15 жұлдызы күні сағат 10.00 да Шымкент қаласы, А.Асқаров көшесі, Мир пиццы кафесінің екінші қабатында орналасқан банкет залында өткізіледі. Осы мәселені Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатында журналисттер шақырылады. Туындаған сұрақтар бойынша зерттеулер ассистенті Кыдырова Лаззат Курманбековнамен мына 701 482 9954 ұялы телефонымен хабарласуларыңызға болады.

Әлеуметтану қорлар орталығы «Тау - Самалы» демалыс аймағында «Қазақстан жастарын демократияға және адам құқығына оқытудың жолдары» атты бір апталық семинар өткізді

Главная » Жаңалықтар » Әлеуметтану қорлар орталығы «Тау - Самалы» демалыс аймағында «Қазақстан жастарын демократияға және адам құқығына оқытудың жолдары» атты бір апталық семинар өткізді
22.07.2016 00:00

2016 жылдың 18 – 22 шілдесі аралығында Германия Федеративті Республикасы елшілігінің қолдауымен Әлеуметтану қорлар орталығы жазғы бағдарламасы аясында «Қазақстан жастарын демократияға және адам құқығына оқытудың жолдары» атты бір апталық семинар өткізді. Семинар ОҚО, Төлеби ауданы, Нысанбек ауылында орналасқан «Тау – Самалы» демалыс аймағында өтті.

Семинарға Шымкент қаласынан және ОҚО үш ауданының 19 мектебінен, атап айтқанда Арыс, Сарыағаш, Түлкібас және Түркістан қаласынан 25 оқушы қатысты. 

Семинардың мақсаты Қазақстан жастары арасында демократияны насихаттау, оларды көшбасшылықа баулу және құқықтық білім беру  болып табылады. Себебі  бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу-заман талабы.

Семинар барысында қатысушылардың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына Қазақстан заңдарына деген терең құрмет сезімін оятып, оларды сөзсіз сақтау және орындау әр бір азаматтың міндеті болып табылатындығын жеткізу мақсатында әр түрлі тақырыптарда сабақтар өткізілді. 

 

Семинар қатысушылардың бір – бірімен еркін жағдайда танысып, білікті жаттықтырушылардың бастамасымен топ құру негіздерін меңгеруімен басталды.

Сондай – ақ семинар барысында жаттықтырушы М. Рахымбаева қатысушыларға демократия негіздерін түсіндіріп демократиялық қоғамның белгілерін жіктеп, оларға «Бала құқықтары туралы» Конвенцияның біздің өміріміздегі алатын ролі туралы түсінік берді, ал жаттықтырушы Г. Хасанова қатысушыларды дебат форматымен таныстырып, «Толеранттық» тақырыбында қатысушылар арасында дебат өткізді, ал  жаттықтырушылар С. Айдосов,  Л. Қыдырова, Г. Сыздыкова қатысушыларға «Мемлекет және құқық ұғымы», «Адам құқығы», «Қақтығыс және оны шешу жолдары. Медиация», «Мультикультурализм» тақырыптарында сабақ өтіп, Конституция негіздері бойынша брейн - ринг жүргізді.

Семинар барысында қатысушылар өздерінің білімдерін шыңдап, демократия негіздері, мемлекет және құқық негіздері, толеранттық және мәдениеттер алуандығы туралы жаңа ақпарат алып, берілген және еркін тақырыптарда өздері презентациялар жасады, сондай – ақ  семинар тақырыбы шегінде өздері таңдаған еркін тақырыпқа коллаж жасап оны ортаға ұсынды.

Сонымен қатар жазғы мектеп бағдарламасына қатысушылар Оңтүстік Қазақстанның табиғаты аясында бос уақыттарын белсенді өткізіп, өздерінің шығармашылық қабілеттіліктерін көрсете білді. 

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығына арнайы сертификаттар  тапсырылды. 

Семинар жағымды да және өте әсерлі өтті. Бұл семинарды Қазақстан Республикасы жастар саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыруға көп үлесін қосты деген пікірдеміз. Себебі Тұжырымдамада «Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес.» делінген.

Жазғы мектеп Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастықтың тамаша үлгісі болды. 

Семинар соңында қатысушылар Құсбекқызы Шолпан мен Зұлқайнар Сырлыбай семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, біздің бірнеше сұрақтарымызға жауап берді.

  

Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы № 17 мектеп – гимназияның 11 сынып оқушысы Құсбекқызы Шолпан.

- Шолпан, Сіздің семинарға қатысудағы мақсатыңыз қандай еді?

-  Бұл семинардың құқық және демократия негіздері тақырыбында  болатынын естігенімде қатысуға деген құлшынысым артып, бірден қатысуға өтініш бердім. Себебі біз әлі де өз құқықтарымызды жақсы білмейміз. Семинарға келмей тұрып, өз құқықтарымның аз ғана мөлшерін білетінмін, ал семинардан соң кімнің қандай құқығы бар екенін, және барлық адамның заң алдында тең екенін білдім.

- Сіз мұндай семинарлар қажет деп ойлайсыз ба?

- Қазіргі  таңда қылмыстық істер мен адам құқығының бұзылуы тым көп. Осының алдын алу мақсатында, әр бір өсіп келе жатқан жеткіншекке өз құқығы мен өзге адамдардың құқықтарын, міндеттерін ашып көрсететін семинарлар қажет деп ойлаймын. Себебі өз құқығы мен міндетін  білген адам алдағы уақытта ойланып іс - әрекет жасайды.

- Семинар барысында Сізге не ұнады?

- Осы семинарға қатысқаныма өте қуаныштымын, үлкен әсер алдым. Семинар барысы түгелімен ұнады, соның ішінде дебаттар, елдер мәдениеті, адам құқықтары туралы сабақтар. Ал өте қатты ұнағаны және әсер қалдырғаны өзге халықтың тілінде сөйлеп, олардың өзге ұлт арасында қандай сезімде болатынын сезінгенім.

Сарыағаш ауданы, Яссауи атындағы № 21 жалпы орта мектеп оқушысы Зұлқайнар Сырлыбай Саттарұлы.

- Сырлыбай, семинарға қандай мақсатпен қатыстыңыз?

- Семинарға қатысудағы мақсатым жаңа мәліметтер, ақпарат алу, сонымен қатар жаңа достар табу. Семинар барысында осы үміттерімнің бәрі ақталды, білмеген нәрселерімді білдім, соның ішінде: конституция және демократия негіздері, толеранттық, дебат форматы.

- Сіз мұндай семинарлар қажет деп ойлайсыз ба?

- Әрине қажет. Себебі мұндай семинарлар адамның көп мәселеге қатысты көзқарасын жақсы жағына өзгертеді. Сондай – ақ көп мәселенің басын ашып береді, жаңа терминдермен танысып, адамдармен араласуға үйренеміз. Өз ойым мұндай семинарларды жиі өткізіп тұру қажет деп ойлаймын.