Новости

15.11.2019 00:00

Қазіргі кезде Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің гранты және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы діни мәселелелерінің қазіргі жағдайын шолу бойынша баяндама» атты кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізді.
Осы зерттеулер шеңберінде, Қазақстан Республиксындағы діни жағдайларға сараптама беру, діннің деңгейін анықтау сонымен қатар халықтың діни конфессионалдық бағыты және әртүрлі діни өкілдері мен діни ағымдарының қарым қатынастарының қазіргі халі, төзімділік деңгейі мен діниаралық келісім бойынша проблемалық аспектілерді анықтау және оның шешу жолдары қарастырылады деп күтілуде. Зерттеулер ҚР Астана, Алматы, Көкшетау, Шымкент және Түркістан облысын қамтып, елдегі діни мәселелердің алдағы жылдарға болжамы туралы ұсыныстар дайындалды. Осы зерттеулердің қорытындысы бойынша Әлеметтану қорлар орталығы 2018жылдың 15 қарашасында Шымкент қаласының, Түркістан облысының қоғамдастығына атап айтқанда, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдармен қызығушылық білдірген мемлекеттік органдарға презентация ұйымдастырды. Бұл шолу бойынша діни қызметтің және діни бірлестіктердің олардың мемлекет пен әртүрлі Республика көлеміндегі әлеуметтік институттармен әрекеттестігінің негізігі бағыттарын баяндалды. Зерттеулердің шеңберінде XIX-XXғасырдағы діни конфессиялардың даму тарихына қысқаша үзінді беріліп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына дейінгі, Кеңес одағындағы діни ұйымдардың жағдайына тоқталып, ары қарай, ҚР діни бостандық бойынша халықаралық міндеттемелеріне де қысқаша түсініктер және діни саладағы ұлттық заңнаманың трансформациялануы, елдің әлеуметтік демографиялық категорияларының діни деңгейіне сараптама әр түрлі аймақтар бойынша берілді сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі аймақатардағы дін тақырыбына атап айтқанда, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша жарияланған мақалаларға да көңіл бөлінді. Бұл маңызды баяндама Әлеуметтану қорлар орталығының сайтында толық мәтіні және баспа түрінде де жарияланады. Қызығушылық білдірген сараптамашылар және ұйымдар осы баяндаманың толық мәтінін Әлеуметтану қорлар орталығынан алуларыңызға болады.

15.11.2019 00:00

На основании совместного сотрудничества с НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» и гранта Министерства информации и общественного развития РК «Социологический ресурсный центр» провел комплексное социологическое исследование по подготовке доклада: «Обзорный доклад о состоянии религиозной сферы в РК». В рамках исследования проводились анкетирование населения Алматы, Астаны, Кокшетау, Шымкента и Туркестана, опрос экспертов, теологов и представителей государственных и правоохранительных органов с целью анализа религиозной ситуации, определения уровня религиозности и конфессиональной ориентации населения, отношений между представителями различных конфессий и религиозных течений. По итогам исследования 15 ноября т.г. СРЦ провел презентацию итогов исследования в г.Шымкенте для представителей общественности, сотрудников заинтересованных государственных органов, религиозных объединений, НПО г.Шымкента и Туркестанской области.

 Обзорный доклад освещает основные направления религиозной деятельности в республике, в том числе деятельность представленных религиозных конфессий и религиозных объединений, а также их взаимодействие с различными социальными институтами и государством. В рамках проведенного исследования предлагается краткий очерк развития религиозных конфессий на рубеже XIX-XXвв., положение религиозных организаций в советский период до обретения независимости РК, дается краткое изложение международных обязательств республики на религиозную свободу, трансформации национального законодательства в религиозной сфере, анализируются уровни религиозности различных социально демографических категорий населения в выборочных регионах, освещение религиозной тематики в печатных средствах массовой информации в различных регионах, вопросы противодействия религиозному экстремизму и терроризму. Полностью Доклад будет опубликован на сайте СРЦ и выпущен в печатном виде. Заинтересованные эксперты и организации имеют возможность обратиться за полной версией Доклада в СРЦ.

11.11.2019 00:00

Қазіргі кезде Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің гранты және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы діни мәселелелерінің қазіргі жағдайын шолу бойынша баяндама» атты кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізді. Осы зерттеулер Алматы, Астана, Көкшетау, Шымкент қаласы, Түркістан облысында ҚР діни жағдайларға сараптама беру, сонымен қатар халықтың діни конфес-сионалдық бағыты және әртүрлі діни өкілдері мен діни ағымдарының қарым қатынастарының қазіргі халі, төзімділік деңгейі, діндарлықтың деңгейін анықтау, діниаралық келісім бойынша проблемалық аспектілерді анықтау және оның шешу жолдарын анықтау мақсатында жоғарыда аталған 5 аймақтың жергілікті халықтың арасында және дінтанушылармен сонымен қатар діни сараптамашылармен, мемлекеттің және құқық қорғау органдарының өкілдерімен сауалнамалар және кездесулер жүргізілді. Осы зерттеулердің қорытындысы бойынша Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі презентация ұйымдастырып отыр. Бұл презентация 2019 жылдың қараша айының 15 жұлдызы күні сағат 10.00 да Шымкент қаласы, А.Асқаров көшесі, Мир пиццы кафесінің екінші қабатында орналасқан банкет залында өткізіледі. Осы мәселені Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатында журналисттер шақырылады. Туындаған сұрақтар бойынша зерттеулер ассистенті Кыдырова Лаззат Курманбековнамен мына 701 482 9954 ұялы телефонымен хабарласуларыңызға болады.

«Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» бағдарламасы аясында 2016 жылдың 16-18 тамызы аралығындағы ОҚО және Ақмола облысы жас көшбасшыларының Астана қаласына сапары

Главная » Жаңалықтар » «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» бағдарламасы аясында 2016 жылдың 16-18 тамызы аралығындағы ОҚО және Ақмола облысы жас көшбасшыларының Астана қаласына сапары
05.09.2016 14:27

Ақпараттық бюлетеньді көшіріп алыңыз немесе төменде оқыңыз.

Құрметті достар,

бірінші кезеңде осы Бағдарламаға қатысушылардың атынан Қазақстанда демократия мен адам құқығы аясындағы біздің бастамаларымызға қолдау жасап отырған Германия халқына шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз, себебі бұл Бағдарлама ГФР федеративті бюджеті есебінен, демек Германияда өмір сүріп жатқан миллиондаған салық төлеушілердің қаражаты есебінен қаржыландырылып отыр. Бұл туралы білу керек және оны есте сақтау қажет. Сондай – ақ осы бағыттағы біздің іс - әрекеттерімізге қолдау көрсетіп отырған ГФР сыртқы істер Министрлігіне және ГФР елшілігіне алғыс білдіремін, себебі Қазақстанның демократиялық болашағын қазіргі кезден бастап балалар мен жастардың біліміне инвестициялар құю арқылы қалыптастыру қажет. Соңғы 24 жылда біздің мемлекеттеріміз арасында саяси және экономикалық әріптестік нығайып, саясаткерлер, іскерлік сектор және азаматтық қоғам өкілдері арасындағы нығайып келе жатқан достық байланыстарды байқап отырмыз. Осы орайда аталған Жоба біздің мемлекеттеріміз халықтары арасындағы гуманитарлық әріптестік пен достықтың тамаша үлгісі бола алады. Сонымен қатар мен Астана қ. ҚР орталық мемлекеттік органдары жетекшілері мен қызметкерлеріне де үлкен алғысымды білдіремін, себебі олардың қатысуынсыз біздің сапар орын алмас еді. Бәріне сәттілік тілеймін.

Серік Айдосов

«Әлеуметтану қорлар орталығының» атқарушы директорыерик

2016 жылдың 16–19 тамызы аралығында Германия Федеративті Республикасы елшілігінің қолдауымен Әлеуметтану қорлар орталығы «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты жоба шегінде мемлекеттік органдардың қызметімен таныстыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары жас көшбасшы-оқушыларын Астана қ. алып барды.

Бұл сапарға екі облыстың әр түрлі өңірінен жиырма оқушы қатысты. Қатысушыларды іріктеу кезінде басымдылық ауылдық жерлердің жас көшбасшыларына, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға және әр түрлі этникалық топтардың өкілдеріне берілді.

Жобаның мақсаты Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жас көшбасшыларын Жоғарғы Сот, Конституциялық Кеңес, Парламент Мәжілісі сияқты орталық мемлекеттік органдардың, сондай – ақ халықаралық ұйымдар мен үдемелі инновациялық-индустриялдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында қызмет ететін кәсіпорындардың, жастар қоғамдық ұйымдарының, Астана қ. жоғарғы оқу орындарының қызметімен таныстыру болды.

Жоғарғы Сотқа сапар шегу бағдарламасы аясында бағдарламаға қатысушылар соттың және Қазақстан сот жүйесінің күнделікті қызметімен танысып, сот отырысы залдарын көріп, ҚР ЖС судьялары: Мадияр Балкенге, Елена Максютаға, Ирина Калашниковаға және Роза Жакудинаға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды

Бағдарламаға қатысушыларды толғандырып жүрген өзекті мәселелер – арнайы сот өндірісі мәселесі, соттарды таңдау, сот жүйесінде сыбайлас жемқорлықпен күрес, сот өндірісіндегі құжат айналымына қолданылатын жаңа ақпараттық технологиялар. Жоғарғы Сот Аппаратының жауапты қызметкерлері сот жүйесі қызметі және оның дамуының келешегі туралы бірнеше ұсынымдарды көрсетті, сондай – ақ ҚР сот корпусын кәсіби қайта даярлауға байланысты Германияның ұйымдарымен арасындағы әріптестіктің дамуы туралы айтып берді.

Жоғарғы Сотта жастар сот отырыс залдарында болды, видео-конференцбайланыс жүйесі жұмысымен, Жоғарғы Соттың интернет – қорымен және оның «Сот кабинеті» сервисімен танысты. Бұл сапар туралы ақпарат ҚР ЖС сайтына орналастырылды:  http://sud.gov.kz/rus/news/v-verhovnom-sude-pobyvali-shkolniki-akmolinskoy-i-yuzhno-kazahstanskoy-oblastey

Астана қ. ГФР елшілігінің қызметкерлері және елшінің орынбасары Д. Крамер «Дель-Папа» мейрамханасында Бағдарламаға қатысушыларды құрметіне арнап түскі ас ұйымдастырып, оларды жылы қарсы алды. Олар бейресми жағдайда Бағдарламаға қатысушылармен араласып, әңгімелесуге мүмкіндік алды.

Сол күні Бағдарламаға қатысушылар еліміздің негізгі заң шығарушы органы, соның ішінде ҚР Парламентінің төменгі палатасы – Мәжілістің қызметімен танысуға мүмкіндік алды. Заң шығару комитеті қызметкерлері заң шығарудың әр бір кезеңі туралы, Парламент қабырғасында заң жобаларының қарастырылуы туралы толық мәлімет берді, сонымен қатар жобаға қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды қойып, оларға жауап алды.

Сондай–ақ Бағдарламаға қатысушылар ҚР Парламенті палаталарының бірлесіп отырыс өткізетін және Мәжіліс отырысының жұмыс залдарында болып, депутаттардың жұмыс орындарында отырып көруге бірегей мүмкіндік алды. Парламент палаталарының бірлесіп отырыс өткізетін залы 400 орынды құраса, Мәжіліс отырысының жұмыс залы 150 орынды құрайды.

Оқушыларды қызықтырған сұрақтар – депутаттарды техникалық және материалдық қамсыздандырылуы, жалақы, депутаттардың өкілеттілігі және құқықтары, депутаттар тарапынан заң шығару бастамашылығы, өзекті қоғамдық мәселелер бойынша депутаттар тарапынан референдум өткізуге бастамашылық жасау, жер қатынастары мәселелері, педофилиямен, балаларға зорлық жасаумен күресу, жастармен жұмыс жасау мәселелері болды.

2016 жылдың 18 тамызында Бағдарламаға қатысушылар Конституциялық Кеңестің төрағасы И.И.Роговпен кездесті. ҚР КК төрағасы осы мемлекеттік институттың қалыптасуы, оның міндеттері мен болашақта дамуы туралы айтып берді және оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Сондай – ақ ол Конституциялық Кеңес тарихында, осы институт қабырғасында бірінші рет оқушылармен кездесіп отырғанын айтып, өзінің жас көшбасшылармен кездесуіне қуанышты екенін білдірді. Сонымен қатар бұл кездесуде жобаға қатысушылар Конституциялық Кеңестің мүшесі У. Шапақпен және ҚР КК аппараты өкілдерімен кездесті. Қатысушылар еліміздің саяси өміріне әйелдердің қатысуы мәселесі және т.б. мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Ақпарат ҚР КК сайтына орналастырылды: http://ksrk.gov.kz/rus/index.php

Астана қ. ГФР елшілігінде Бағдарламаға қатысушыларды елшінің орынбасары Д. Крамер, елшіліктің екінші хатшысы К.Гронсфельд және саяси бөлімнің қызметкері А.Рысмагамбетова қабылдады. Олар ГФР дипломатиялық өкілдігінің Қазақстандағы қызметінің бағыттары туралы, Елшіліктің жүзеге асырып отырған бағдарламалары туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС 2010 жылдық 27 қазанында «Қазақстан инжиниринг ҰК» мен EUROCOPTER (Франция/Германия) арасындағы келісімі негізінде Қазақстан Республикасында тікұшақтарды құрастыру мақсатында құрылды. Бұл кәсіпорын ҚР мен ГФР арасындағы экономикалық байланыстың үлгісі бола алады, себебі AIRBUS HELICOPTERS тікұшық құрастыру өндірісі Германияда орналасқан және ЖШС барлық қызметкерлері сонда оқып, тағлымнамадан өтіп отырады.

Сондай – ақ бұл өндіріс ошағы үдемелі инновациялық-индустриялдық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында қызмет ететін кәсіпорын болып табылады. Бағдарламаға қатысушылар кәсіпорынның өндіріс алаңымен, тікұшақтардың үлгілерімен, оқу кластарымен танысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы болып табылады. Оның алға қойған міндеті – Қазақстанның халықаралық деңгейдегі тұңғыш зерттеу университеті болу. Университетте оқу процесі халықаралық білім беру стандарттары негізінде құрылған, және білім беру тек қана ағылшын тілінде жүргізіледі. Университет қызметкерлерінің арқасында Бағдарламаға қатысушылар оқуға қабылдану тәртібімен, Университет бағдарламаларымен және мамандықтарымен танысып, ғимараттың кітапхана, оқу корпустары, студенттік кампус және спорттық зал сияқты жерлерінде болды.

Ең еркін және қызықты да кездесу Қазақстан жастары Конгресінің кеңсесінде болды. Конгресс қоғамдық ұйым болғандықтан республиканың барлық өңірлерінен жастардың бірнеше үлкен қоғамдық ұйымдарын біріктіреді. Қазақстан жастары Конгресі 2002 жылы мемлекеттің жастар саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік институттар мен жастардың үкіметтік емес ұйымдары арасында әріптестікті қалыптастыру мақсатында құрылды. Бұл заңды тұлғалардың ассоциация нысанындағы бірлестігі. Қазіргі кезде Конгресс республикадағы 140 астам жастар ұйымының қызметін үйлестіріп отыр.

БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорында болған кездесуде бұл ұйымның Қазақстандағы өкілі Ю.В. Оскамитный қатысушыларға ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы қызметінің үш бағыты туралы айтып берді: әлеуметтік саясат және білімге басшылық ету, балалар мен әйелдердің, сондай – ақ маргиналдық және әлсіз топтардың жағдайы, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы және дамуы, балалықты

Сонымен қатар ол Қазақстанда балаларды қорғау аясында әлі де көмекті талап ететін отбасыларды дер кезінде анықтап, оларға көмек көрсетіп, ортаға бейімдеп және оңалтуға байланысты мәселелер шешімін таппай тұрғанын айтып өтті. Ұйым қызметкерлері қатысушылардың балаларға қатысты зорлық мәселесіне мониторинг жүргізу, балалар мен жастардың құқықтарын қорғау, халықаралық ұйымдарға жұмысқа орналасу мәселелеріне қатысты қойған сұрақтарына жауап берді.

Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облысы қатысушыларының арасындағы дебат жарысы.

Астанаға сапар бағдарламасы 18 тамыз күні «Рамада Плаза» қонақ үйінде Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облысы қатысушыларының арасындағы (оларға Астана қ. оқушылары да қосылды) дебат жарысымен аяқталды. Талқылауға төмендегі тақырыптар ұсынылды: кәмелетке толмағандар арасындағы ерте некелер, өлім жазасын қолдануға тыйым салу, сайлау құқығы және т.б. Астана қ. бұл сапар бағдарламаға қатысушылардың басым көпшілігіне бірінші болып табылады, сондықтан да оларға елорданың көрнекіліктерін көріп, өздерінің достарына, туған – туыстарына архитектуралық және мәдени объектілер – ҚР бірінші Президенті музейі, Тәуелсіздік алаңы, Астана – Опера театры, Хан Шатыр, Думан ойын-сауық орталығы, Хазрет Сұлтан мешіті туралы айтып беру үшін осы жерлерге барды. Астана қаласының алаңдары мен көшелеріндегі естен кетпес серуендер, Есіл өзеніндегі теплоходпен экскурсия есте көпке дейін қаларлықтай болды.

Мамырбек Айдана Бақытжанқызы, Бәйдібек ауданы Жиенқұм ауылының Жиенқұм жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы:

Мен Астана қаласына жасаған сапарымда еліміздің Жоғарғы Сотының, Мәжілістің, Конституциялық Кеңестің, Қазақстан жастар конгресінің қызметімен таныстым. Сонымен қатар тікұшақ құрастырумен айналысатын «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС жұмысына шолу жасадым. Сапар барысында біз ЮНИСЕФ балалар қорында және Назарбаев университетінде де болып қайттық. Дәл осы сапарда мен мемлекеттік органдардың қызметі жайлы үлкен мағлұмат алып, олардың жаңа жобаларымен, жаңалықтарымен таныстым. Мысалы, Жоғарғы Соттың ғаламтор желісіндегі парақшасы біздің азаматтарымызға үлкен көмек көрсететіндігін байқадым. ЮНИСЕФ балалар қорының және Назарбаев университетінің алдағы жоспарлары бізге және болашақ ұрпақтарымызға жарқын болашақтың есігі секілді болып көрінді. Бұл сапар тек маған ғана емес менің достарыма да керемет көңіл күй мен үлкен әсер сыйлағаны анық. Мен мемлекеттік органдардың жоғары дәрежедегі жұмыс күшін көре білдім. Олардың жетістік жолы біз секілді ізбасарлары үшін керемет мысал болатындығын да анғардым. Осы сапар үшін Әлеуметтану қорлар орталығы мен Астанадағы ГФР Елшілігіне шексіз алғысымды білдіремін. Сіздерге үлкен рахмет!

Махан Олжас Жолдасұлы, Сайрам ауданы Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің 10 «Б» сынып оқушысы:

Біз Астанаға барған күннен бастап ҚР заң шығарушы, атқарушы және заңдардың орындалуына бақылауды жүзеге асыратын органдармен таныстық. Ең бірінші аяқ басқан жеріміз Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты болды. Ол жерде Жоғарғы Сот судьяларымен кездесіп, олармен сөйлесуге мүмкіндік алдық , осы органның қалай жұмыс жасайтынын білдік. Одан кейін бізді Парламент Мәжілісіне апарды. Ол жерде депутаттардың қалай жұмыс жасайтынын көріп, күнделікті тіршілігімен таныстық. Сосын менін білгім келіп жүрген мемлекеттік орган Конституциялық Кеңеске де бардық . Тағы да айта кететін жайт, біз Германия елшідігіне барып, олардың не қызмет жасап жатқанын көріп, ол жерденде біраз асер алып қайттық. Сондай – ақ Қазақстанда жалғыз тікұшақ шығаратын «Еурокоптер Қазақстан инженирингті» көруге мүмкіндік туды. Ол жерде тікұшақтардың қалай жасалатынын көріп, тікұшақтар туралы біраз мәлімет алдық. Ал сондан кейін қазіргі таңда әр мектеп оқушысының арманы болып табылатын Назарбаев Университетіне барып, шабыттанып сол жерге оқуға түсу керек деген мақсатты алдымызға қойып қайттық. Шынымды айтсам бұл сапарда мен өз өміріме қажетті көптеген мәлімет алдым және оны өмірде қолдана аламын деген сенімдемін. Сонымен қатар мен бұл сапардан шабыт алып, өз қалама басқа адам болып оралдым. Осы орайда сапарды ұйымдастырған Әлеуметтану қорлар орталығына және ГФР елшілігіне көп көп алғыс айтамын!!!


БоранбайРамазан Алайдарұлы, Шымкент қаласының № 79 жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы:

Мен бұл жобада Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік органдары, яғни: Жоғарғы сот, Конституциялық кеңес, Парламент Маслихаты қызметімен таныстым. Сонымен қатар Қазақстан, Германия және Франция бірлесеп отырып құрған және қызметін үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шегінде жүзеге асыратын кәсіпорын «Еврокоптер Казахстан инжинирингтің» қызметімен таныстым. Мен үшін бұл жоба көптеген жаңалықтарға толы болды. Астана қаласының кереметтей, қайталанбас ғимараттарын көріп, олардың тарихын білдім. Мен бұл сапардан түсінгенім, қандайда бір жетістікке жеткің келсе оқы-оқы және оқы. Бізге қазіргі таңда барлық жағдайлар жасалған, сондықтанда біз тек қана дұрыс білім алып, мемлекетімізді көркейтуге ат салысуымыз қажет. Сапардан алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Осы жобаны ұйымдастырушыларға үлкен рақмет. Осындай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса екен деген тілегім бар.