ӘҚО ҚР-дағы діни саланың жағдайы бойынша зерттеу қорытындыларының тұсаукесерін өткізді
Қазіргі кезде Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің гранты және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы діни мәселелелерінің қазіргі жағдайын шолу бойынша баяндама» атты кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізді.
Осы зерттеулер шеңберінде, Қазақстан Республиксындағы діни жағдайларға сараптама беру, діннің деңгейін анықтау сонымен қатар халықтың діни конфессионалдық бағыты және әртүрлі діни өкілдері мен діни ағымдарының қарым қатынастарының қазіргі халі, төзімділік деңгейі мен діниаралық келісім бойынша проблемалық аспектілерді анықтау және оның шешу жолдары қарастырылады деп күтілуде. Зерттеулер ҚР Астана, Алматы, Көкшетау, Шымкент және Түркістан облысын қамтып, елдегі діни мәселелердің алдағы жылдарға болжамы туралы ұсыныстар дайындалды. Осы зерттеулердің қорытындысы бойынша Әлеметтану қорлар орталығы 2018жылдың 15 қарашасында Шымкент қаласының, Түркістан облысының қоғамдастығына атап айтқанда, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдармен қызығушылық білдірген мемлекеттік органдарға презентация ұйымдастырды. Бұл шолу бойынша діни қызметтің және діни бірлестіктердің олардың мемлекет пен әртүрлі Республика көлеміндегі әлеуметтік институттармен әрекеттестігінің негізігі бағыттарын баяндалды. Зерттеулердің шеңберінде XIX-XXғасырдағы діни конфессиялардың даму тарихына қысқаша үзінді беріліп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына дейінгі, Кеңес одағындағы діни ұйымдардың жағдайына тоқталып, ары қарай, ҚР діни бостандық бойынша халықаралық міндеттемелеріне де қысқаша түсініктер және діни саладағы ұлттық заңнаманың трансформациялануы, елдің әлеуметтік демографиялық категорияларының діни деңгейіне сараптама әр түрлі аймақтар бойынша берілді сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі аймақатардағы дін тақырыбына атап айтқанда, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша жарияланған мақалаларға да көңіл бөлінді. Бұл маңызды баяндама Әлеуметтану қорлар орталығының сайтында толық мәтіні және баспа түрінде де жарияланады. Қызығушылық білдірген сараптамашылар және ұйымдар осы баяндаманың толық мәтінін Әлеуметтану қорлар орталығынан алуларыңызға болады.