Әлеуметтану қорлар орталығы «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» Жобасының қатысушыларына арнап жастар Фестивалін өткізді.

Главная » Жаңалықтар » Әлеуметтану қорлар орталығы «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» Жобасының қатысушыларына арнап жастар Фестивалін өткізді.
14.12.2016 15:01

Әлеуметтану қорлар орталығы «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» Жобасының қатысушыларына арнап жастар Фестивалін өткізді.

 2016 жылдың  13 желтоқсанында RIXOS Khadisha қонақ үйінде Германия Федеративті Республикасы елшілігінің және ОҚО білім басқармасының қолдауларымен Әлеуметтану қорлар орталығы «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» Жобасының қатысушыларына арнап жастар Фестивалін өткізді. 

Фестивальға 200 астам адам қатысты. Фестивальдің құрметті қонақтары ретінде Астана қ. Германия Федеративті Республикасы елшісінің тұрақты орынбасары Джанни Крамер мырза, Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының бас маманы Г.Ж.Жусипова, Шымкент қ. білім бөлімі басшысының орынбасары  Н.М.Досыбаев, Көкшетау қ. білім бөлімінің әдіскері   А.Т.Калиулина, Көкшетау қ. өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша облыстық оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Ж.Е.Нурахметова, сондай – ақ Шымкент және Түркістан қалаларының, Арыс, Сарыағаш, Сайрам, Түлкібас аудандары мектептерінің директорлары мен мұғалімдері қатысты. Ал фестивальдің ең басты қонақтары «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» Жобасының қатысушылары мектеп оқушылары болды. 

Фестивальде облыстық опера және балет театрының әншісі Маргарита Кин «Сильва», «Джудитта» арияларын және қазақ әндерінен попурри орындап берді, Шымкент қ. өнер мектебінің би топтары және №8  Дулати атындағы мектеп гимназияның «Еркеназ» би тобы өздерінің шығармашылық нөмірлерін көрсетті, ал Түркістан қ. Ататүрік атындағы № 17 мектеп-гимназиясының оқушысы Серікқызы Ақниет қобызда Абай әндерінен попурри орындап берді. 

Ән мен биден бөлек «Сұрақтар және жауаптар», «Көңілділер және тапқырлар» байқаулары өткізілді. Байқаулардың жеңімпаздары арнай дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.  

Сонымен қатар Фестиваль аясында «Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде азаматтық білім берудің мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда білім басқармасы өкілдерімен мектеп директорлары және мұғалімдер бірлесе отырып орта білім беру мекемелерінде құқық пәндерін оқытудың мәселелерін талқылады. 

Фестиваль дискотекамен аяқталды.