Әлеуметтану қорлар орталығы Көкшетау қ. «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинар өткізді

Главная » Жаңалықтар » Әлеуметтану қорлар орталығы Көкшетау қ. «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинар өткізді
19.11.2016 14:12

Әлеуметтану қорлар орталығы  Көкшетау қ. «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинар өткізді 

2016 жылы қазан айының 14, 20, 28 және қараша айының 15, 18 жұлдыздарында Әлеуметтану қорлар орталығы  Германия Федеративті Республикасы елшілігінің және Көкшетау қ. білім басқармасының қолдауымен «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты тақырыпта семинарлар өткізді. Семинарлар өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша облыстық оқу-әдістемелік орталығында  өтті. 

Семинарларға Көкшетау қаласының он мектебінен, атап айтқанда, № 3, №7, №8, №10, №12, №14, №16, №18, №11, №2 орта мектептерден,  жүзден аса оқушы қатысты. 

Бұл семинарларды өткізудің мақсаты жасөспірімдердің құқықтық білім алуын қамтамасыз ету, олардың құқықтық санасын, құқықтық мәдениетін және көшбасшылық қасиеттерін дамыту болып табылады.   

Семинарлар өз мақсатына жетті деп ойлаймыз, себебі қатысушылар бір – бірімен еркін жағдайда танысып, білікті жаттықтырушылардың бастамасымен топ құру негіздерін үйренді, сонымен қатар «Конституция негіздері», «Сенің құқықтарың мен міндеттерің» тақырыптарында сабақ өтіліп, «Бұл палата Қазақстан мектептеріне толеранттылық сабағын енгізуді қажет деп санайды» тақырыбында дебат өткізілді.   

Семинар барысында қатысушылар берілген тақырыптарға презентациялар, коллаждар жасап, оларды көпшілікке ұсынып таныстырды.   

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығына арнайы сертификаттар  тапсырылды. 

Семинарлар соңында қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісті: 

Мен 18.11.2016 жылы «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинарға қатыстым. Семинардан алған әсерлерім өте көп. Бізді еліміздің Ата заңы –Конституциямен таныстырып, «толеранттылық» және «мультикультурализм» түсініктер берілді. Біз осы мәселелерді тек теория түрінде ғана біліп қоймай, сонымен қатар практика жүзінде қолдандық. Шығармашылық, топтық жұмыстар атқардық. Біз тек өз білімімізді шыңдап қана қоймай, жаңа достар таптық десек те болады.Бізге мектеп оқушылары деп қараған жоқ, өз қатарластары секілді қарап, біз өзімізді еркін сезіне алдық.Осы семинарды өткізуші, ұйымдастырушыларға  үлкен алғысымды білдіремін. 

Жумкенова Камила, М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілді оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының 9 «В» сынып оқушысы 

Мен, 2016 жылдың 18-ші қараша күні балаларға арналған ғылыми орталықта өткен семинарға қатыстым. Семинар барысында балалар мен мұғалімдердің құқығы туралы айтылды. Ата заңның баптары талқыланды және  дебат өтілді. Әр адамның азаматтық және патриоттық тәлім тәрбиесіне  көп назар аударылды. Біз топтарға бөлініп берілген тапсырмаларды орындадық. Мен Қазақстан тақырыбына өлең жаздым. Басқа балаларда өз өнерлерін көрсетті.  Ұйымдастырушылар қорытындысын жасап,  кішігірім сыйлық және сертификаттар табыс етті. Семинар өте қызықты да тартымды өтті. Өз басыма қатты ұнады,  өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған үшін алғысым шексіз.    

№18 орта мектебінің   семинар-тренингке   

Қатысушы Омешов Айдын  

Бұл семинар-тренингтің  болашақ ұрпаққа берер тәлім-тәрбиелік мәні зор.   Біз семинарда Конституция, құқықтар туралы сөйлестік. Өз пікірлеріміз туралы айттық , әр адамның пікірін мұқият тыңдадық. Сахнада жұмыс істедік, өте қызықты болды. Тапсырмалар қиын болған жоқ , тапсырмаларды орындау қызықты болды. Топтарға бөлінііп , тапсырмаларды орындадық. Тренинг біз сияқты балаларға көптеген мәлімет береді деп ойлаймын. Мен осындай семинарларға тағы катысқым келеді. Менің ойымша, осы семинар-тренинг өте қызықты өтті , осы тренингте көп нәрсені білдім , маған шынымен де тренинг қатты ұнады.Тағы осы қалаға келсе мен осындай тренингтерге қуана барамын.  

№18 орта мектебінің  оқушысы       

Баянова Зарина 

Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру тақырыбында өтілген семинар маған өте ұнады. Осы семинарда біз Конституция және оның заңдары жайлы сөз еттік. Демократия негіздерімен, адам құқықтарымен таныстық. Тренингке қатысып, біз өзіміз үшін көп керекті мәлімет алдық. Семинар бүгінгі жастардың толғамдарын жетілдіреді. Менің ойымша, осындай семинарларды, жасөспірім дамытылып, өзінің көзқарасын, идеяларын айта алып, мемлекеттік өмірге енжарлықпен  қарамас үшін өтілуі керек. 

№18 орта мектебінің  оқушысы Амантаева Алема 

Мен 18 қараша күні «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» тақырыбында өткен семинарға қатыстым. Материалды меңгеру мақсатында берілген теорияны дәптерге жазып отырдық. Ұсынылған тақырып Қазақстан Республикасының заңдар жинағына, әсіресе балалар құқығына негізделді.  Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында бізді топтарға бөліп, әр топқа тапсырмалар берілді. Біріншіден, таныстыру, содан кейін әр топ өз жобасын қорғады. 

Өткізілген іс-шара ізденіспен, әзірлікпен баланың жүрегіне әсер ететіндей өтті.Болашақта осындай іс-шаралар оқушылар арасында өткізіле берсе, жақсы болар еді!  

№18 орта мектебінің 9 «А» сынып     

оқушысы  Искакова Данира 

Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру үшін жасалған семинар қатты ұнады. Біз Конституция жайлы көптеген мәліметтер білдік. Оның 9 бөлімнен 98 баптан  тұратынын, бөлімдерінің аттарымен таныстық. 5 топқа бөліндік. Әрбір топтың өз басшысы ұраны, аты болды. Сонымен қатар, әр топқа әртүрлі тапсырмалар беріліп, орындалады. Маған осы семинар жақсы әсер етті және осындай тренингтер көп болсын деп қалаймын. 

Рамазанова Маржан №18 ОМ 

Осы өткен семинар маған қатты ұнады. Семинарда өзім білмеген көп жаңаны білдім. Өткізген ұстаздар да көңілімнен шықты. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет!  

Мендагалиева Гульжан  №18 ОМ 

Семинар өте қатты ұнады, себебі маған топпен жұмыс істеген ұнайды. Ол жерде топпен әр түрлі тапсырмалар орындадықҮлкен рахмет!!! 

Уразбаев Нурлан №18 ОМ 

Семинар өте қатты ұнады, себебі көптеген мәселе көтердік, жаңа мағлұмат алдық. 

Семинардан  үлкен әсер алып кайттық. Осындай семинарлар жиі болып тұрғанын қалаймыз. Осы семинардың арқасында үлкен тәжірибе жинадық, басқа мектеп оқушыларымен ақпарат алмастық. 

Молдахметов Алишер №18 ОМ 

Осы өткен семинарда өзім үшін көп жаңа мәлімет алдым. Семинар өте қызықты, топпен жұмыс істеу ретінде өтті. Өте ұнады, ұйымдастырушыларға  жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізгендіктері үшін алғысымызды білдіреміз! 

Абдиманова Анель №18 ОМ