Әлеуметтану қорлар орталығы Көкшетау қаласында «Азаматтану, құқық негіздері және демократияға оқытудың заманауи педагогикалық әдістері мен тәсілдері» тақырыбында семинар өткізді

Главная » Жаңалықтар » Әлеуметтану қорлар орталығы Көкшетау қаласында «Азаматтану, құқық негіздері және демократияға оқытудың заманауи педагогикалық әдістері мен тәсілдері» тақырыбында семинар өткізді
11.10.2016 13:34

Әлеуметтану қорлар орталығы Көкшетау қаласында

«Азаматтану, құқық негіздері және демократияға оқытудың заманауи педагогикалық әдістері мен тәсілдері» тақырыбында семинар өткізді

2016 жылдың 6 қазанында Әлеуметтану қорлар орталығы Германия Федеративті Республикасы елшілігінің және Көкшетау қ. білім басқармасының қолдауымен «Азаматтану, құқық негіздері және демократияға оқытудың заманауи педагогикалық әдістері мен тәсілдері» атты семинар өткізді.

Семинарға Кокшетау қаласының он мектебінен жиырма мұғалім қатысты.

Семинарға қатысушылар қоғамтану пәндерін оқытудың интербелсенді әдістері және тәсілдерімен танысып, интербелсенді оқытудың бірі әдісі ретінде дебат өткізудің тәртібін үйренді.

Семинар барысында қатысушылар өздерінің білімдерін шыңдап, берілген және еркін тақырыптарда өздері презентациялар жасады, сондай – ақ семинар барысында «Бұл палата Қазақстан Республикасында мектептерде құқықтық білім беруді жетілдіру қажет деп санайды» тақырыбында дебат өткізді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығына арнайы сертификаттар тапсырылды.

 Успанова Куляш Нуртаевна, Көкшетау қ. № 11 орта мектебінің мұғалімі: «2016 жылдың 6 қазанында мен азаматтық білім беруді, жастарды патриоттық тәрбиелеуді жетілдіру Жобасы аясында ГФР қолдауымен өткізілген, мұғалімдерге арналған семинарға қатыстым.

Семинар өте қызықты өтті. Семинар барысында бізбен білікті жаттықтырушылар Гульнара Хасанова (Щучинск қ.), Гулбаршин Сыздыкова (Шымкент қ.) жұмыс жасады. Семинардан алған ақпарат менің болашақ жұмысыма үлкен үлесін қосады деп шын көңіліммен сенемін. Сонымен қатар мен тек қана көптеген жаңа ақпарат қана алып қойған жоқпын, сондай – ақ жаңа адамдарменде таныстым. Семинардан алған әсерім керет. Семинарды ұйымдастырған Әлеуметтану қорлар орталығына және жаттықтырушыларға үлкен рахмет!».


Аскарова Асель Корганбековна, Көкшетау қ. № 16 орта мектебінің мұғалімі: «2016 жылдың 6 қазанында Германия Федеративті Республикасы елшілігінің және Көкшетау қ. білім басқармасының қолдауларымен, Әлеуметтануқорлар орталығы ұйымдастырған «Азаматтану, құқық негіздері және демократияға оқытудың заманауи педагогикалық әдістері мен тәсілдері» тақырыбында өткізілген семинарға қатыстым. Семинар жоғарғы әдістемелік деңгейде өткізілді, мұғалімдер семинардың қатысушысы ретінде өздерінің белсенділіктерін танытып, ұсынылған тапсырмаларды дер кезінде орындап отырды. Мен семинардың қатысушысы ретінде өзімнің жұмысымда қолдануға болатын сабақтарды өткізудің жаңа әдістерін білдім».