Әлеуметтану қорлар орталығы ОҚО Арыс ауданында «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинар өткізді

Главная » Жаңалықтар » Әлеуметтану қорлар орталығы ОҚО Арыс ауданында «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинар өткізді
19.10.2016 00:00
Әлеуметтану қорлар орталығы ОҚО Арыс ауданында «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру»атты семинар өткізді
2016 жылдың 18 қазанындаӘлеуметтану қорлар орталығы Германия Федеративті Республикасы елшілігінің және ОҚО білім басқармасының қолдауымен «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру»атты семинар өткізді. Семинар ОҚО Арыс қаласының орталық кітапханасының ғимаратында өтті.Семинарға Арыс ауданының үш орта мектібінен, атап айтқанда, Б.Кенжебаев атындағы мектеп, Б.Онтаев атындағы мектеп, Жиделі жалпы орта мектебі, жиырма бес оқушы қатысты. Семинардың мақсаты Қазақстан жастары арасында демократияны насихаттау, оларды көшбасшылықа баулу және құқықтық білім беру болып табылады.Семинар барысында жаттықтырушылар демократия негіздерін түсіндіріп, қатысушыларға «Конституция негіздері», «Толеранттық», «Қақтығыс және оны шешу жолдары. Медиация», «Мультикультурализм» тақырыптарында сабақ өтті. Сонымен қатар қатысушылар семинар аясында таңдаған тақырыптарға презентациялар, коллаждар жасап, оларды көпшілікке ұсынып таныстырды, және ситуациялық жағдайларды шешу үшін нормативтік – құқықтық актілермен жұмыс жасады. Семинар соңында қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, біздің бірнеше төменде келтірілген сұрақтарымызға жауап берді.- Семинарға қатысудағы мақсатыңыз қандай?- Семинар барысында не білдіңіз?- Семинардан қандай әсер алдыңыз?
Тұрғанбаев Айдос, ОҚО, Арыс ауданының Б.Кенжебаев атындағы мектептің 11 сынып оқушысы: Семинарға қатысудағы мақсатым, құқық туралы білімімді жетілдіріп, демократияға байланысты көптеген сұрақтарға жауап табу.Семинар барысында көптеген мәліметтерді білдім, соның ішінде ҚР мемлекеттік құрылымы, толеранттық, мультикультурализм және т.б.Семинардан өте жақсы әсер алдым, себебі ол өте жоғарғы деңгейде өтті. Әлеуметтану қорлар орталығына алғысым шексіз.








Қуаныш Нұрсая, ОҚО, Арыс ауданының Жиделі орта мектебінің 11 сынып оқушысы: Семинарға өз білімімді әрі қарай дамытып, жаңа технологияларды меңгеру мақсатында қатыстым.Семинарда маған ұнағаны бізді көпшілік алдында өз пікірімізді еркін айтуға үйреткені, сонымен қатар семинар барысында мен жасөспірімдердің қоғамдағы құқықтарымен таныстым. Семинардан білгенім және түйсігіме түйгендерім көп болды. Семинардан алған әсерім ұмтылар емес. Мен көп достар таптым. Маған өте ұнады, әсіресе оқушыларға деген құрмет пен ықылас ерекше болды. Осында семинарлар жиі өткізіп тұрса екен деймін.







Бөрібай Аийда, ОҚО, Арыс ауданының Б.Онтаев атындағы мектептің оқушысы:Семинарға азаматтардың құқықтарын және оларды қоғаудың тәсілдерін білу мақсатында қатыстым, себебі болашақта адвокат болуды армандаймын.Семинар барысында толеранттық, мультикультурализ (мәдениеттер алуандығы), медиация сияқты жаңа терминдермен таныстым, сондай – ақ ҚР мемлекеттік құрлымын және азаматтардың құқықтарын білдім. Семинардан болашақта пайдасын тигізетін көптеген ақпарат алдым. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін!