Новости

15.11.2019 00:00

Қазіргі кезде Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің гранты және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы діни мәселелелерінің қазіргі жағдайын шолу бойынша баяндама» атты кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізді.
Осы зерттеулер шеңберінде, Қазақстан Республиксындағы діни жағдайларға сараптама беру, діннің деңгейін анықтау сонымен қатар халықтың діни конфессионалдық бағыты және әртүрлі діни өкілдері мен діни ағымдарының қарым қатынастарының қазіргі халі, төзімділік деңгейі мен діниаралық келісім бойынша проблемалық аспектілерді анықтау және оның шешу жолдары қарастырылады деп күтілуде. Зерттеулер ҚР Астана, Алматы, Көкшетау, Шымкент және Түркістан облысын қамтып, елдегі діни мәселелердің алдағы жылдарға болжамы туралы ұсыныстар дайындалды. Осы зерттеулердің қорытындысы бойынша Әлеметтану қорлар орталығы 2018жылдың 15 қарашасында Шымкент қаласының, Түркістан облысының қоғамдастығына атап айтқанда, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдармен қызығушылық білдірген мемлекеттік органдарға презентация ұйымдастырды. Бұл шолу бойынша діни қызметтің және діни бірлестіктердің олардың мемлекет пен әртүрлі Республика көлеміндегі әлеуметтік институттармен әрекеттестігінің негізігі бағыттарын баяндалды. Зерттеулердің шеңберінде XIX-XXғасырдағы діни конфессиялардың даму тарихына қысқаша үзінді беріліп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына дейінгі, Кеңес одағындағы діни ұйымдардың жағдайына тоқталып, ары қарай, ҚР діни бостандық бойынша халықаралық міндеттемелеріне де қысқаша түсініктер және діни саладағы ұлттық заңнаманың трансформациялануы, елдің әлеуметтік демографиялық категорияларының діни деңгейіне сараптама әр түрлі аймақтар бойынша берілді сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі аймақатардағы дін тақырыбына атап айтқанда, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша жарияланған мақалаларға да көңіл бөлінді. Бұл маңызды баяндама Әлеуметтану қорлар орталығының сайтында толық мәтіні және баспа түрінде де жарияланады. Қызығушылық білдірген сараптамашылар және ұйымдар осы баяндаманың толық мәтінін Әлеуметтану қорлар орталығынан алуларыңызға болады.

15.11.2019 00:00

На основании совместного сотрудничества с НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» и гранта Министерства информации и общественного развития РК «Социологический ресурсный центр» провел комплексное социологическое исследование по подготовке доклада: «Обзорный доклад о состоянии религиозной сферы в РК». В рамках исследования проводились анкетирование населения Алматы, Астаны, Кокшетау, Шымкента и Туркестана, опрос экспертов, теологов и представителей государственных и правоохранительных органов с целью анализа религиозной ситуации, определения уровня религиозности и конфессиональной ориентации населения, отношений между представителями различных конфессий и религиозных течений. По итогам исследования 15 ноября т.г. СРЦ провел презентацию итогов исследования в г.Шымкенте для представителей общественности, сотрудников заинтересованных государственных органов, религиозных объединений, НПО г.Шымкента и Туркестанской области.

 Обзорный доклад освещает основные направления религиозной деятельности в республике, в том числе деятельность представленных религиозных конфессий и религиозных объединений, а также их взаимодействие с различными социальными институтами и государством. В рамках проведенного исследования предлагается краткий очерк развития религиозных конфессий на рубеже XIX-XXвв., положение религиозных организаций в советский период до обретения независимости РК, дается краткое изложение международных обязательств республики на религиозную свободу, трансформации национального законодательства в религиозной сфере, анализируются уровни религиозности различных социально демографических категорий населения в выборочных регионах, освещение религиозной тематики в печатных средствах массовой информации в различных регионах, вопросы противодействия религиозному экстремизму и терроризму. Полностью Доклад будет опубликован на сайте СРЦ и выпущен в печатном виде. Заинтересованные эксперты и организации имеют возможность обратиться за полной версией Доклада в СРЦ.

11.11.2019 00:00

Қазіргі кезде Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің гранты және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы діни мәселелелерінің қазіргі жағдайын шолу бойынша баяндама» атты кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізді. Осы зерттеулер Алматы, Астана, Көкшетау, Шымкент қаласы, Түркістан облысында ҚР діни жағдайларға сараптама беру, сонымен қатар халықтың діни конфес-сионалдық бағыты және әртүрлі діни өкілдері мен діни ағымдарының қарым қатынастарының қазіргі халі, төзімділік деңгейі, діндарлықтың деңгейін анықтау, діниаралық келісім бойынша проблемалық аспектілерді анықтау және оның шешу жолдарын анықтау мақсатында жоғарыда аталған 5 аймақтың жергілікті халықтың арасында және дінтанушылармен сонымен қатар діни сараптамашылармен, мемлекеттің және құқық қорғау органдарының өкілдерімен сауалнамалар және кездесулер жүргізілді. Осы зерттеулердің қорытындысы бойынша Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі презентация ұйымдастырып отыр. Бұл презентация 2019 жылдың қараша айының 15 жұлдызы күні сағат 10.00 да Шымкент қаласы, А.Асқаров көшесі, Мир пиццы кафесінің екінші қабатында орналасқан банкет залында өткізіледі. Осы мәселені Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатында журналисттер шақырылады. Туындаған сұрақтар бойынша зерттеулер ассистенті Кыдырова Лаззат Курманбековнамен мына 701 482 9954 ұялы телефонымен хабарласуларыңызға болады.

Әлеуметтану қорлар орталығы ОҚО Сарыағаш ауданында «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинар өткізді

Главная » Жаңалықтар » Әлеуметтану қорлар орталығы ОҚО Сарыағаш ауданында «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинар өткізді
17.10.2016 00:00

Әлеуметтану қорлар орталығы ОҚО Сарыағаш ауданында «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру»

атты семинар өткізді

2016 жылдың 14, 15 қазанындаӘлеуметтану қорлар орталығы Германия Федеративті Республикасы елшілігінің және ОҚО білім басқармасының қолдауымен «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру»атты семинар өткізді. Семинар ОҚО Сарыағаш ауданы, Көктерек ауылында орналасқан «Арай Делюкс» санаториясында өтті.

Семинарға Сарыағаш ауданының үш орта мектібінен, атап айтқанда, Гафурова атындағы № 35 мектеп, Айни атындағы № 8 мектеп, Яссауи атындағы № 21 мектеп, елу оқушы қатысты.

Семинарға қатысушылар бір – бірімен еркін жағдайда танысып, білікті жаттықтырушылардың бастамасымен топ құру негіздерін, Қазақстан Республикасының Конституциялық негізін меңгеріп, дауларды шешудің әр түрлі тәсілдерімен және толеранттық, мәдениеттер алуандығы деген ұғымдармен танысты.

Семинар барысында қатысушылар кіші топтарда жұмыс жасап өздерінің білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар қатысушылар семинар аясында таңдаған тақырыптарға презентациялар, коллаждар жасап, оларды көпшілікке ұсынып таныстырды, және ситуациялық жағдайларды шешу үшін нормативтік – құқықтық актілермен жұмыс жасады.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығына арнайы сертификаттар тапсырылды.

Семинар соңында қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, біздің бірнеше төменде келтірілген сұрақтарымызға жауап берді.

- Семинарға қатысудағы мақсатыңыз қандай?

- Семинар барысында не білдіңіз?

- Семинардан қандай әсер алдыңыз?

 Оспанова Диана Болаткызы, ОҚО Сарыағаш ауданының Яссауи атындағы № 21 орта мектебінің 10 сынып оқушысы:

Семинарға қатысудағы мақсатым өзім үшін жаңа ақпарат алып, білімімді шыңдау болды.

Семинар барысында көптеген қоғамда орын алып отырған мәліметтерді білдім, сонымен қатар Конститутция негіздерін толық меңгердім және басқалармен ой бөлісіп, өз ойымды ашық жеткізуді үйрендім.

Семинардан алған әсерім өте тамаша, себебі көп нәрсені білдім және ұғындым. Семинарды  ұйымдастырған   ұйымдастырушыларға тобымыздың атынан өз алғысымызды айтамыз.



Аскаров Ашраф, ОҚО Сарыағаш ауданының С. Айни атындағы № 8 орта мектебінің 11 сынып оқушысы:

Әуел баста семинарға ешқандай құлшыныс танытпадым, бірақ семинар барысында өзімнің пікірімді өзгерттім, себебі тәжірибелі жаттықтырушылыр біздің оқу процесіне деген қызығушылығымызды оята білді.

Семинардан мен Президенттің құқықтық жағдайын, Парламент, Үкімет, сот және прокуратура органдарының құзіретін, сондай – ақ азаматтардың құқықтарын және оларды қорғаудың амалдары мен тәсілдерін білдім.

Семинар өте ұнады, соның ішінде топтарда жұмыс жасау, брейн-ринг, және бізді жұртшылық алдында сөз сөйлеуге үйреткендері.

Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.

 

Абдымуталиева Айдын, ОҚО Сарыағаш ауданының Яссауи атындағы № 21 орта мектебінің 10 сынып оқушысы:

Семинарға жаңа білім алып, өз білімімді одан әрі жетілдіру үшін қатыстым.

Семинардан көп ақпарат алдым және осы үшін өте қуаныштымын. Семинар барысында мемлекетіміздің құрылымы туралы, билік нысандары, орталық мемлекеттік органдар, сондай – ақ өз құқықтарым туралы білдім.

Семинардан алған әсерім керемет. Осындай семинарлар жиі болып тұрса деп қалаймын. Сіздерге үлкен рахмет!