Әлеуметтану қорлар орталығы ОҚО Сайрам ауданы оқушыларына «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинар өткізді

Главная » Жаңалықтар » Әлеуметтану қорлар орталығы ОҚО Сайрам ауданы оқушыларына «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинар өткізді
18.11.2016 00:00

Әлеуметтану қорлар орталығы ОҚО Сайрам ауданы оқушыларына «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру»
атты семинар өткізді

2016 жылдың 16 карашасында Әлеуметтану қорлар орталығы Германия Федеративті Республикасы елшілігінің және ОҚО білім басқармасының қолдауымен «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинар өткізді.
Семинарға Сайрам ауданының үш орта мектібінен, атап айтқанда, Бабыр атындағы мектеп, Ибрагим Ата атындағы мектеп, № 47 жалпы орта мектебі, жиырма үш оқушы қатысты.
Семинардың мақсаты тұлғаның әлеуметтік белсенділігін арттыру, оқушылардың құқықтық тұрғыдау ойлау қабілеті мен құқықтық санасын ояту және заңға сәйкес әрекет ету дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Семинар барысында жаттықтырушылар балаларға топ құру негізін үйретті, сондай – ақ демократия негіздерін түсіндіріп, қатысушыларға «Конституция негіздері», «Толеранттық», «Қақтығыс және оны шешу жолдары. Медиация», «Мультикультурализм» тақырыптарында сабақ өтті.
Сонымен қатар қатысушылар ситуациялық жағдайларды шешу үшін нормативтік – құқықтық актілермен жұмыс істеді, таңдаған тақырыптарға презентациялар жасап, оларды көпшілікке ұсынып таныстырды.
Семинар соңында қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, біздің бірнеше төменде келтірілген сұрақтарымызға жауап берді.
- Семинарға қатысудағы мақсатыңыз қандай?
- Семинар барысында не білдіңіз?
- Семинардан қандай әсер алдыңыз?

Адилбеков Санжар, ОҚО, Сайрам ауданының № 47 жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы:Семинарға қатысуымның себебі білімімді кеңейту. Қазақстан Республикасында демократия қандай жолдармен дамып жатқанын білу.Семинар барысында өте көп мəліметтер алдым. Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымын білдім, жаңа терминдермен танысып, олардың мағынасын түсіндім.Семинардан керемет көңіл-күй алдым. Жаттықтырушыларға өте риза болдық. Осындай семинарлардың жиі болып тұрғанын қалаймыз. 

Арзикулова Дурдона, ОҚО, Сайрам ауданы Ибрагим Ата атындағы мектептің оқушысы:Білгенім 9 білмегенім 99 дегендей, семинарға қатысудағы мақсатым жаңа мәліметтер алу болды. Семинардан мен Конституция туралы, өздеріміздің құқықтарымыз туралы толық мəлімет алып, қақтығыстарды шешу жолдарын білдім.Семинар арқылы сөйлеу қабілетімді арттырып, көпшілік алдында сөз сөйлеуді үйрендім, жаңа достар таптым. Ұйымдастырушыларға көп рахмет!