Новости

15.11.2019 00:00

Қазіргі кезде Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің гранты және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы діни мәселелелерінің қазіргі жағдайын шолу бойынша баяндама» атты кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізді.
Осы зерттеулер шеңберінде, Қазақстан Республиксындағы діни жағдайларға сараптама беру, діннің деңгейін анықтау сонымен қатар халықтың діни конфессионалдық бағыты және әртүрлі діни өкілдері мен діни ағымдарының қарым қатынастарының қазіргі халі, төзімділік деңгейі мен діниаралық келісім бойынша проблемалық аспектілерді анықтау және оның шешу жолдары қарастырылады деп күтілуде. Зерттеулер ҚР Астана, Алматы, Көкшетау, Шымкент және Түркістан облысын қамтып, елдегі діни мәселелердің алдағы жылдарға болжамы туралы ұсыныстар дайындалды. Осы зерттеулердің қорытындысы бойынша Әлеметтану қорлар орталығы 2018жылдың 15 қарашасында Шымкент қаласының, Түркістан облысының қоғамдастығына атап айтқанда, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдармен қызығушылық білдірген мемлекеттік органдарға презентация ұйымдастырды. Бұл шолу бойынша діни қызметтің және діни бірлестіктердің олардың мемлекет пен әртүрлі Республика көлеміндегі әлеуметтік институттармен әрекеттестігінің негізігі бағыттарын баяндалды. Зерттеулердің шеңберінде XIX-XXғасырдағы діни конфессиялардың даму тарихына қысқаша үзінді беріліп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына дейінгі, Кеңес одағындағы діни ұйымдардың жағдайына тоқталып, ары қарай, ҚР діни бостандық бойынша халықаралық міндеттемелеріне де қысқаша түсініктер және діни саладағы ұлттық заңнаманың трансформациялануы, елдің әлеуметтік демографиялық категорияларының діни деңгейіне сараптама әр түрлі аймақтар бойынша берілді сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі аймақатардағы дін тақырыбына атап айтқанда, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша жарияланған мақалаларға да көңіл бөлінді. Бұл маңызды баяндама Әлеуметтану қорлар орталығының сайтында толық мәтіні және баспа түрінде де жарияланады. Қызығушылық білдірген сараптамашылар және ұйымдар осы баяндаманың толық мәтінін Әлеуметтану қорлар орталығынан алуларыңызға болады.

15.11.2019 00:00

На основании совместного сотрудничества с НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» и гранта Министерства информации и общественного развития РК «Социологический ресурсный центр» провел комплексное социологическое исследование по подготовке доклада: «Обзорный доклад о состоянии религиозной сферы в РК». В рамках исследования проводились анкетирование населения Алматы, Астаны, Кокшетау, Шымкента и Туркестана, опрос экспертов, теологов и представителей государственных и правоохранительных органов с целью анализа религиозной ситуации, определения уровня религиозности и конфессиональной ориентации населения, отношений между представителями различных конфессий и религиозных течений. По итогам исследования 15 ноября т.г. СРЦ провел презентацию итогов исследования в г.Шымкенте для представителей общественности, сотрудников заинтересованных государственных органов, религиозных объединений, НПО г.Шымкента и Туркестанской области.

 Обзорный доклад освещает основные направления религиозной деятельности в республике, в том числе деятельность представленных религиозных конфессий и религиозных объединений, а также их взаимодействие с различными социальными институтами и государством. В рамках проведенного исследования предлагается краткий очерк развития религиозных конфессий на рубеже XIX-XXвв., положение религиозных организаций в советский период до обретения независимости РК, дается краткое изложение международных обязательств республики на религиозную свободу, трансформации национального законодательства в религиозной сфере, анализируются уровни религиозности различных социально демографических категорий населения в выборочных регионах, освещение религиозной тематики в печатных средствах массовой информации в различных регионах, вопросы противодействия религиозному экстремизму и терроризму. Полностью Доклад будет опубликован на сайте СРЦ и выпущен в печатном виде. Заинтересованные эксперты и организации имеют возможность обратиться за полной версией Доклада в СРЦ.

11.11.2019 00:00

Қазіргі кезде Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің гранты және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы діни мәселелелерінің қазіргі жағдайын шолу бойынша баяндама» атты кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізді. Осы зерттеулер Алматы, Астана, Көкшетау, Шымкент қаласы, Түркістан облысында ҚР діни жағдайларға сараптама беру, сонымен қатар халықтың діни конфес-сионалдық бағыты және әртүрлі діни өкілдері мен діни ағымдарының қарым қатынастарының қазіргі халі, төзімділік деңгейі, діндарлықтың деңгейін анықтау, діниаралық келісім бойынша проблемалық аспектілерді анықтау және оның шешу жолдарын анықтау мақсатында жоғарыда аталған 5 аймақтың жергілікті халықтың арасында және дінтанушылармен сонымен қатар діни сараптамашылармен, мемлекеттің және құқық қорғау органдарының өкілдерімен сауалнамалар және кездесулер жүргізілді. Осы зерттеулердің қорытындысы бойынша Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі презентация ұйымдастырып отыр. Бұл презентация 2019 жылдың қараша айының 15 жұлдызы күні сағат 10.00 да Шымкент қаласы, А.Асқаров көшесі, Мир пиццы кафесінің екінші қабатында орналасқан банкет залында өткізіледі. Осы мәселені Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатында журналисттер шақырылады. Туындаған сұрақтар бойынша зерттеулер ассистенті Кыдырова Лаззат Курманбековнамен мына 701 482 9954 ұялы телефонымен хабарласуларыңызға болады.

Әлеуметтану қорлар орталығы ОҚО Түлкібас ауданы оқушыларына «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинар өткізді.

Главная » Жаңалықтар » Әлеуметтану қорлар орталығы ОҚО Түлкібас ауданы оқушыларына «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинар өткізді.
28.11.2016 10:51

Әлеуметтану қорлар орталығы ОҚО Түлкібас ауданы оқушыларына «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинар өткізді.

2016 жылдың 25, 26 қарашасында Әлеуметтану қорлар орталығы Германия Федеративті Республикасы елшілігінің және ОҚО білім басқармасының қолдауымен «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру»атты семинар өткізді. Семинар ОҚО Төлеби ауданы, Жоғарғы Қасқасу ауылында орналасқан «Eco Village KASKASU» демалыс аймағында өтті.

Семинарға Түлкібас ауданының үш орта мектебінен, атап айтқанда, П. Шевцов атындағы жалпы орта мектебі, И.Рыбалко атындағы жалпы орта мектебі, С.Сейфуллин атындағы орта мектебі, қырық бес оқушы қатысты.

Семинар қатысушыларға топ құру негіздерін үйретуден басталды, сондай – ақ білікті жаттықтырушылар мен ерікті қатысушылар (волонтерлар) Қазақстан Республикасының Конституциялық негізін, дауларды шешудің әр түрлі тәсілдерін және толеранттық, мәдениеттер алуандығы деген ұғымдармен таныстырды.

Семинар барысында қатысушылар кіші топтарда жұмыс жасап өздерінің білімдерін ортаға салды және брейнг ринг сұрақтарына жауап берді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығына арнайы сертификаттар тапсырылды.

Семинар соңында қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, біздің бірнеше төменде келтірілген сұрақтарымызға жауап берді.

- Семинарға қатысудағы мақсатыңыз қандай?

- Семинар барысында не білдіңіз?

- Семинардан қандай әсер алдыңыз?

Жолдас Жансейіт, ОҚО Түлкібас ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 11А сынып оқушысы:

Семинарға білімімді жетілдіріп, ой-өрісімді кеңейтіп, демократия туралы, мемлекетіміздің конституциялық құрылымы туралы жаңа мәліметтер алып, пікір бөлісу болды.

Семинар барысында демократияның не екенін, конституцияның неше бөлімнен, баптардан тұратынын, сонымен қатар Президент болу үшін және мемлекеттік органдарға қызметке кіру үшін қандай талаптарға сай келу керек екенін білдім.

Семинарда бізді жылы қарсы алып, жылы шырай танытты. Ұнағаны сергіту сәті жақсы ұйымдастырылған, соның арқасында басқа топтың мүшелерімен еркін жағдайда пікір алмастық. Семинарда өте жақсы, керемет әсер алдым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.

Абдукаримова Жұлдыз Ердаулетқызы, ОҚО Түлкібас ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 10А сынып оқушысы:

Бұл семинарға қатысудағы мақсатым, демократия туралы мәлімет алу, конституцияның мазмұнын білу, түрлі басқару жүйелерінің ішінде республикалық басқару жүйесінің ерекшеліктерін, негізгі қағидаларын түсіну.

Мен осы семинардан құқықтық және азаматтық қоғам деген не екенін біліп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын білдім. Сонымен қатар орталық мемлекеттік органдар туралы толық мәлімет алдым.

Шынымды айтсам, семинарға қатысар алдында қорқыныш сезімінде болдым, бірақ келгеннен ұйымдастырушылар бізді жылы қарсы алып, еркін түрде бір-бірімізбен танысып, араласуымыз үшін жағдай жасады. Семинардан керемет әсер алдым.

Даутай Нұрсұлтан,ОҚО Түлкібас ауданы, И. Рыбалко атындағы орта мектептің оқушысы:

Семинарға қатысудағы мақсатым жаңа мәліметтер, қосымша білім алу.

Осы семинар барысында мен Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы көп ақпарат алдым.

Семинардан алған әсерім өте керемет, себебі семинардың өзі тамаша жерде өткізілді, сабақ өткен жаттықтырушылардың сабақ түсіндіру әдісінің өзі ерекше болды.

Әліпбай Бақыт, ОҚО Түлкібас ауданы, И. Рыбалко атындағы орта мектептің 10Б сынып оқушысы:

Семинар тақырыбын білмегендіктен нақты мақсатым болмады, бірақ берер тәрбиесі мол болады деген сеніммен келдім.

Семинар барысында мемлекетіміздің конституциялық құрылымы және Ата Заңымыз туралы терең білім алдым. Жаттықтырушылардың арқасында өз ойымды ашық, нақты жеткізуді үйрендім.

Семинар арқысында көп достар таптым және әлі де көп ізденіп, көп оқу керектігін түсіндім.

Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет! Осындай семинарлар жиі өткізіліп тұрса екен.