Новости

15.11.2019 00:00

Қазіргі кезде Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің гранты және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы діни мәселелелерінің қазіргі жағдайын шолу бойынша баяндама» атты кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізді.
Осы зерттеулер шеңберінде, Қазақстан Республиксындағы діни жағдайларға сараптама беру, діннің деңгейін анықтау сонымен қатар халықтың діни конфессионалдық бағыты және әртүрлі діни өкілдері мен діни ағымдарының қарым қатынастарының қазіргі халі, төзімділік деңгейі мен діниаралық келісім бойынша проблемалық аспектілерді анықтау және оның шешу жолдары қарастырылады деп күтілуде. Зерттеулер ҚР Астана, Алматы, Көкшетау, Шымкент және Түркістан облысын қамтып, елдегі діни мәселелердің алдағы жылдарға болжамы туралы ұсыныстар дайындалды. Осы зерттеулердің қорытындысы бойынша Әлеметтану қорлар орталығы 2018жылдың 15 қарашасында Шымкент қаласының, Түркістан облысының қоғамдастығына атап айтқанда, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдармен қызығушылық білдірген мемлекеттік органдарға презентация ұйымдастырды. Бұл шолу бойынша діни қызметтің және діни бірлестіктердің олардың мемлекет пен әртүрлі Республика көлеміндегі әлеуметтік институттармен әрекеттестігінің негізігі бағыттарын баяндалды. Зерттеулердің шеңберінде XIX-XXғасырдағы діни конфессиялардың даму тарихына қысқаша үзінді беріліп, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына дейінгі, Кеңес одағындағы діни ұйымдардың жағдайына тоқталып, ары қарай, ҚР діни бостандық бойынша халықаралық міндеттемелеріне де қысқаша түсініктер және діни саладағы ұлттық заңнаманың трансформациялануы, елдің әлеуметтік демографиялық категорияларының діни деңгейіне сараптама әр түрлі аймақтар бойынша берілді сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі аймақатардағы дін тақырыбына атап айтқанда, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша жарияланған мақалаларға да көңіл бөлінді. Бұл маңызды баяндама Әлеуметтану қорлар орталығының сайтында толық мәтіні және баспа түрінде де жарияланады. Қызығушылық білдірген сараптамашылар және ұйымдар осы баяндаманың толық мәтінін Әлеуметтану қорлар орталығынан алуларыңызға болады.

15.11.2019 00:00

На основании совместного сотрудничества с НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» и гранта Министерства информации и общественного развития РК «Социологический ресурсный центр» провел комплексное социологическое исследование по подготовке доклада: «Обзорный доклад о состоянии религиозной сферы в РК». В рамках исследования проводились анкетирование населения Алматы, Астаны, Кокшетау, Шымкента и Туркестана, опрос экспертов, теологов и представителей государственных и правоохранительных органов с целью анализа религиозной ситуации, определения уровня религиозности и конфессиональной ориентации населения, отношений между представителями различных конфессий и религиозных течений. По итогам исследования 15 ноября т.г. СРЦ провел презентацию итогов исследования в г.Шымкенте для представителей общественности, сотрудников заинтересованных государственных органов, религиозных объединений, НПО г.Шымкента и Туркестанской области.

 Обзорный доклад освещает основные направления религиозной деятельности в республике, в том числе деятельность представленных религиозных конфессий и религиозных объединений, а также их взаимодействие с различными социальными институтами и государством. В рамках проведенного исследования предлагается краткий очерк развития религиозных конфессий на рубеже XIX-XXвв., положение религиозных организаций в советский период до обретения независимости РК, дается краткое изложение международных обязательств республики на религиозную свободу, трансформации национального законодательства в религиозной сфере, анализируются уровни религиозности различных социально демографических категорий населения в выборочных регионах, освещение религиозной тематики в печатных средствах массовой информации в различных регионах, вопросы противодействия религиозному экстремизму и терроризму. Полностью Доклад будет опубликован на сайте СРЦ и выпущен в печатном виде. Заинтересованные эксперты и организации имеют возможность обратиться за полной версией Доклада в СРЦ.

11.11.2019 00:00

Қазіргі кезде Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің гранты және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ бірлесе отырып «Қазақстан Республикасындағы діни мәселелелерінің қазіргі жағдайын шолу бойынша баяндама» атты кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізді. Осы зерттеулер Алматы, Астана, Көкшетау, Шымкент қаласы, Түркістан облысында ҚР діни жағдайларға сараптама беру, сонымен қатар халықтың діни конфес-сионалдық бағыты және әртүрлі діни өкілдері мен діни ағымдарының қарым қатынастарының қазіргі халі, төзімділік деңгейі, діндарлықтың деңгейін анықтау, діниаралық келісім бойынша проблемалық аспектілерді анықтау және оның шешу жолдарын анықтау мақсатында жоғарыда аталған 5 аймақтың жергілікті халықтың арасында және дінтанушылармен сонымен қатар діни сараптамашылармен, мемлекеттің және құқық қорғау органдарының өкілдерімен сауалнамалар және кездесулер жүргізілді. Осы зерттеулердің қорытындысы бойынша Әлеуметтану қорлар орталығы мекемесі презентация ұйымдастырып отыр. Бұл презентация 2019 жылдың қараша айының 15 жұлдызы күні сағат 10.00 да Шымкент қаласы, А.Асқаров көшесі, Мир пиццы кафесінің екінші қабатында орналасқан банкет залында өткізіледі. Осы мәселені Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатында журналисттер шақырылады. Туындаған сұрақтар бойынша зерттеулер ассистенті Кыдырова Лаззат Курманбековнамен мына 701 482 9954 ұялы телефонымен хабарласуларыңызға болады.

Әлеуметтану қорлар орталығы Түркістан қаласында «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинар өткізді

Главная » Жаңалықтар » Әлеуметтану қорлар орталығы Түркістан қаласында «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинар өткізді
31.10.2016 16:08

Әлеуметтану қорлар орталығы Түркістан қаласында

«Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру»

атты семинар өткізді

2016 жылдың 28 қазанындаӘлеуметтану қорлар орталығы Германия Федеративті Республикасы елшілігінің және ОҚО білім басқармасының қолдауымен Түркістан қаласында «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру»атты семинар өткізді.

Семинарға Түркістан қаласының үш орта мектібінен, атап айтқанда, М.Жұмабаева атындағы № 15 мектеп-гимназия, Ататүрік атындағы № 17 мектеп-гимназия, Абай атындағы № 31 мектеп, жиырма алты оқушы қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты жастардың құқықтық білім алуын қамтамасыз ету, құқықтық насихаттау, көшбасшылық қасиеттерді бойларына сіңіру болып табылады.

Семинар өз мақсатына жетті деп ойлаймыз, себебі қатысушылар мемлекетіміздің Конституциялық құрылымын, өздерінің құқықтары мен бостандықтарын білді. Сонымен қатар тәжірибелі жаттықтырушылар «Конституция негіздері», «Толеранттық», «Қақтығыс және оны шешу жолдары. Медиация», «Мультикультурализм» тақырыптарында сабақ өтті, және Конституция негіздері бойынша брейн-ринг ұйымдастырды.

Семинар барысында қатысушылар семинар аясында таңдаған тақырыптарға презентациялар, коллаждар жасап, оларды көпшілікке ұсынып таныстырды, және ситуациялық жағдайларды шешу үшін нормативтік – құқықтық актілермен жұмыс жасады.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығына арнайы сертификаттар тапсырылды.

Семинар соңында қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, біздің бірнеше төменде келтірілген сұрақтарымызға жауап берді.

- Семинарға қатысудағы мақсатыңыз қандай?

- Семинар барысында не білдіңіз?

- Семинардан қандай әсер алдыңыз?

Урумова Тогжан, Ататүрік атындағы № 17 мектеп-гимназиясының оқушысы, Түркістан қ.:

Семинардан жаңа таныстар, жана мәліметтер және жаңа мүмкіндіктер күттім.

Осы семинардан жеке тұлға ретінде, ҚР азаматшасы ретінде өз құқықтарым мен міндеттерімді, және олардың мемлекетпен қандай байланысы бар екенін білдім.

Осы семинардан алған әсерім, біріншіден қатысқаным үшін қуаныш, екіншіден білімді және интеллектуалды адамдардың арасында болғаным үшін абырой, үшіншіден өтілген сабақтарда қолданылған жаңа технологиялар мен әдістердің қызықтылығына таңданыс.


Тәжімұрат Әсем, М.Жұмабаева атындағы № 15 мектеп-гимназиясының 10 «Д» сынып оқушысы, Түркістан қ.:

Мен семинардан Президенттің «100 нақты қадам» жолдауының мәнісі неде екенін және де бұл жолдаудың біздің демократия жолында дамуымызға қандай көмегі барын түсінгім келді.

Семинардан мен өзімді мазалаған сұрақтарыма жауаптарды толығымен алдым, және де адамның жақсы тұлға болып қалыптасуына қандай факторлар әсер ететінін, адам өзінің құқығын толығымен біле ме немесе өзінің құқығын білудің қандай маңызы бар деген көкейтесті мәселелердің түйінін осы семинардан білдім.

Семинарда бұдан өзге те түйінді әрі қызықты тақырыптар көп болды.Соның ішінде маған қатты ұнағаны «Адам және азамат»,«Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?»,«Бала құқығы-асыл қазына» атты тақырыптардың ішіндегі қаралған мәселелер мен оған берілген жауаптар.

Семинардан мен өте керемет әсер алдым.Мен өзіме беймәлім болған ақпараттарды бойыма сіңіріп, демократия туралы ойымды әрі қарай жетілдірдім.Мен өмірге басқаша көзқараспен қарауды үйрендім десем де болады.