Жаңалықтар

30.09.2016 15:08

Әлеуметтану қорлар орталығы «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру» атты семинар өткізді

2016 жылдың 23, 27, 30 қыркүйегінде Әлеуметтану қорлар орталығы Германия Федеративті Республикасы елшілігінің және ОҚО білім басқармасының қолдауымен «Қазақстан жастарын демократияға оқытуды жетілдіру»атты семинар өткізді.

Үш күн ішінде семинарға Шымкент қаласының бес орта мектібінің, атап айтқанда, А. Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназия, А. Байтұрсынов атындағы № 50 мектеп-гимназия , Улугбек атындағы № 3 мектеп, Юсупов атындағы № 104 мектеп және № 11 мектеп, жетпіс бес оқушысы қатысты.

Семинарға қатысушыларға жаттықтырушылар конституциялық құрылымның негіздерін, қақтығыстарды шешудің соттан тыс әдісі - медиация тәртібін түсіндіріп, толеранттық, мәдениеттер алуандығы (мультикультурализм) сияқты ұғымдарды ашып таныстырды.

Семинар барысында қатысушылар демократиялық білім беру мәселелерін талқылауға белсенді қатысты, сондай – ақ семинар барысында алған білімдерін шыңдау үшін кіші топтарда жұмыс жасап өздерінің білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар қатысушылар семинар аясында таңдаған тақырыптарға презентациялар, коллаждар жасап, оны ортаға ұсынды, және ситуациялық жағдайларды шешу үшін нормативтік – құқықтық актілермен жұмыс жасады.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығына арнайы сертификаттар тапсырылды.

22.07.2016 00:00

2016 жылдың 18 – 22 шілдесі аралығында Германия Федеративті Республикасы елшілігінің қолдауымен Әлеуметтану қорлар орталығы жазғы бағдарламасы аясында «Қазақстан жастарын демократияға және адам құқығына оқытудың жолдары» атты бір апталық семинар өткізді. Семинар ОҚО, Төлеби ауданы, Нысанбек ауылында орналасқан «Тау – Самалы» демалыс аймағында өтті.

Барлығы: 16