Азаматтану оқытудағы өзекті мәселелер және оның шешу жолдары
«Азаматтану, құқық негіздері және демократияға оқытудың заманауи педагогикалық әдістері мен тәсілдері» атты ОҚО облыс көлемінде және Шымкент қаласы бойынша жалпы білім беретін орта мектептерінің оқытушыларына арналған треннингтің жоспарының «құқық негіздері және азаматтану пәндеріне шолу, оның пайда болу тарихы, қазіргі жағдайы қажеттілігі» атты бөлімін өткізу барысында құқық негіздері және азаматтану пәндеріне арналған оқулықтардың мектеп қабырғаларында оқыту бойынша қазіргі кезде өзекті проблемалар бар екендігі анықталды. Атап айтқанда мұғалімдердің айтуынша 10 және 11 сыныпта оқытылатын Адам Қоғам Құқық атты оқулықтың ауыр және қиын сонымен қатар түсініксіз тілде жазылып, мұғалімге де пайдалануға мүмкіншілігі аз екендіктері айтылды.
10 және 11 сыныптарда оқытылатын Адам Қоғам Құқық пәні оқулығы жаратылыстану математика және гуманитарлық бағытта болып бөлінгенімен, яғни әр түрлі бағытта оқытылатын адам қоғам құқық оқулығының мағынасы және мазмұны бірдей болып жазылған.
Түркістан қаласының жалпы орта білім беретін Ата түрік №17 атындағы мектептің директоры Мендибаева Тамара Бектемировнаның айтуынша, 1994 жылдары 8 сыныптан бастап Құқық білім негіздері атты оқулығы арқылы балаларды құқық тануға оқытылатын. Алайда 2004 жылдан бастап, бізге де және оқушыларға да түсініксіз оқулықтар пайда болды. Оның ойынша балаға құқықты 1 сыныптан бастап оқыту қажет, себебі бала мектеп қабырғасына кіргеннен бастап, өз құқықтарын білуге тиіс.
Сонымен қатар, мұғалімдер осы пәннің оқытылуына академиялық 1 сағаттың ғана берілетіндігі оның бұл оқу курсына мүлдем аз болатындығына да тоқталып өтті. Қазіргі кезде тағы да бір өзекті мәселе ол құқық қоғам құқық пәнін оқытудағы мамандардың тапшылығы. Қазақстан Республикасының педагогика ғылымына оқытатын жоғарғы оқу орындарында осы пәнді оқытатын қажетті мамандарға арналған арнайы бөлімдер мен факультеттер мүлде жоқ. Соңғы кезде білім саласындағы жаңашылдықтарға қатысты қоғамда қызу талқылаулар жүріп жатқаны белгілі. Жоғарыда аталған проблема да солардың қатарынан орын алуы тиіс. Азаматтық қоғам құру үшін қазіргі таңда біздің мемлекетке құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары жастар қажет. Яғни қазіргі кезде қоғамға жас ерекшелігіне қарай оқытылатын құқықтық білім берудің ҚСРО мемлекттері және шет ел мемлекеттерінің тәжірибесін ескере отырып жазылған ғылыми сараптамадан өткен оқулықтарды дайындап жазу қажеттілігі туып отыр. Осы жақсы бастаманы мемлекеттің құзырлы органдарына жеткізіп, жастарды құқық негіздері мен демократияға оқытудағы жаңа қадам өте дұрыс екендігін дәлелдеу уақыттың еншісінде.