Әлеуметтану қорлар орталығы «Тау - Самалы» демалыс аймағында «Қазақстан жастарын демократияға және адам құқығына оқытудың жолдары» атты бір апталық семинар өткізді
21.09.2016 14:52
Ақпараттық бюлетеньді көшіріп алыңыз немесе төменде оқыңыз.
2016 жылдың 18 – 22 шілдесі аралығында Германия Федеративті Республикасы елшілігінің қолдауымен Әлеуметтану қорлар орталығы жазғы бағдарламасы аясында «Қазақстан жастарын демократияға және адам құқығына оқытудың жолдары» атты бір апталық семинар өткізді. Семинар ОҚО, Төлеби ауданы, Нысанбек ауылында орналасқан «Тау – Самалы» демалыс аймағында өтті. Семинарға Шымкент қаласынан және ОҚО үш ауданының 19 мектебінен, атап айтқанда Арыс, Сарыағаш, Түлкібас және Түркістан қаласынан 25 оқушы қатысты.