Қазақстандағы терроризм мен экстремизмге қарсы күрес.
"Жусан" гуманитарлық операциясы туралы
Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы Сириядағы жауынгерлік әрекеттерінен еліміздің азаматтарын қайтаруға бағытталған "Жусан" гуманитарлық операциясының төрт фазасын өткізді.
Арнайы операцияның бірінші фазасының нәтижесінде (а.ж. қаңтар айының 5-6 жұлдызы) Қазақстанға ҚР-ның 47 азаматы, оның ішінде 30 бала қайтарылды.
"Жусан-2" (а. ж. мамаыр айының 7-9 жұлдызы) қорытындысы бойынша 156 баланы қосқанда 231 адам Отанына оралды.
"Жусан-3" (а.ж. мамаыр айының 28-31 жұлдызы) барысында ҚР-ға 67 әйел және 171 бала қайтарылды.
Ағымдағы жылдың 24 маусымында "Жусан-4" операциясы сәтті аяқталды, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының 71 азаматы, оның ішінде 3 ер адам, 19 әйел және 49 бала эвакуацияланды.
Ағымдағы жылдың басынан барлығы 595 қазақстандық, оның ішінде 33 ер адам, 156 әйел адам және 406 бала қайтарылды.
Дерадикализация мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, келген әйелдер мен балалардың бейімделуі мен қайта әлеуметтенуінің ұзақ және күрделі кезеңі басталды.
Қазақстандағы терроризм мен экстремизмге қарсы күрес
Терроризмге қарсы іс-қимыл елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Халықаралық терроризмге қарсы коалицияның құрылуын қолдады және қызметіне белсенді қатысады.
2018 жылғы 28 қырүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясының жалпы саяси пікірталас алаңында лаңкестіктен азат бейбітшілікке қол жеткізу бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасын іске асыру шеңберінде – Елбасы Н.Ә. Назабаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында (29.09.2015ж.) және Мемлекет басшысының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне саяси үндеуінің төртінші басымдығы (01.01.2017ж.) "Қауіпсіз, әділ және гүлденген бейбітшілікті құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтудың Қазақстанның тұжырымдамалық көрінісі" тақырыбына арналған БҰҰ қамқорлығымен мемлекеттердің жаһандық террорға қарсы коалициясын (желісін) құру бойынша тәртіп кодексіне қол қойылды.
Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның терроризмге қарсы күрес жөніндегі барлық 19 әмбебап құқықтық құралын ратификациялады.
Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың ұлттық тізіміне 21 шетелдік құрылым енгізілген.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК), сондай-ақ БҰҰ, НАТО, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) террорға қарсы басқармасы, ядролық терроризм актілерімен күрес жөніндегі жаһандық бастама (ЯТАКЖБ) шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беріледі.
Қазақстанда БҰҰ қамқорлығымен Орталық Азияда лаңкестікке қарсы жаһандық стратегия жүзеге асырылуда. Қазақстан бірінші болып БҰҰ-ның террорға қарсы орталығының қорына жобаның үшінші фазасына ерікті жарна ретінде үлес қосты.